Дербес деректерді өңдеу саясаты

«Development Way» ЖШС (бұдан әрі – Оператор) Дербес деректерді Өңдеуге қатысты саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының (бұдан әрі – ДД туралы Заң) талаптарына сәйкес әзірленген, бекітілген және Оператормен қолданылады және Оператордың Дербес деректерді Өңдеу мақсаттарын, жалғы қағидаттары мен ережелерін айқындайды.

Дербес деректерді Өңдеумен байланысты, осы Саясатпен реттелмеген барлық мәселелер Заңнамаға сәйкес шешіледі.

Дербес деректердің Өңделуін регламенттейтін Оператордың жергілікті нормативтік актілері мен басқа да ішкі құжаттары Саясат ережелерін есепке ала отырып әзірленеді.

Саясат танысу үшін жалпыға қолжетімді болып табылады және Оператордың Сервисінде орналастырылған.

1. Саясаттың мақсаты

1.1. Осы құжат Дербес деректер Субъектісінің — https://excash.kz сайтын пайдаланушының Дербес деректерін Өңдеуге қатысты Оператордың Саясатын анықтайды (бұдан әрі – Сервис).

1.2. Оператор Дербес деректерді Өңдеуді жүзеге асырады, Субъектілердің Дербес деректерін Өңдеу кезінде олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етеді және ДД туралы Заңмен және оған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілермен сәйкес қарастырылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге арналған шараларды қолданады.

2. Саясатта қолданылатын негізгі ұғымдар

2.1. Дербес деректер – олардың негізінде айқындалған немесе айқындалатын Дербес деректер Субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдаушыда белгіленген мәліметтер.

2.2. Дербес деректер субъектісі (Субъект) – Дербес деректердің көмегімен тікелей немесе жанама анықталған немесе анықталатын, Пайдаланушы болып табылатын жеке тұлға.

2.3. Сервис – құқықтық иеленушісі «Development Way» ЖШС болып табылатын Интернет желісіндегі сайт (URL): https://excash.kz. Сервис бұл Сервистің қалыпты жұмыс істеуін және оның мүмкіндіктерін пайдалануды қамтамасыз ету үшін біріктірілген ЭЕМ және басқа бағдарламалық құралдарға, деректер базаларына, графикалық контентке және басқа да туындыларға арналған арнайы таңдалған және орналасқан бағдарламалардың құрамындағы зияткерлік меншіктің ажырамас бөлігі болып табылады.

2.4. Пайдаланушы-Пайдаланушы келісімінің шарттарын қабылдаған әрекетке қабілетті жеке тұлға. Пайдаланушы келісімі «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде https://excash.kz/kk/documents/polzovatelskoe-soglashenie/. адресі бойынша орналасқан.

2.5. Оператор – «Development Way» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН: 240240032737, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Бұқар Жырау бульвары, 26/1 үй, пошталық индексі 050021), Дербес деректердің Өңделуін өз бетінше немесе басқа тұлғалармен бірлесіп ұйымдастыратын және (немесе) жүзеге асыратын, сонымен қатар Дербес деректерді Өңдеу мақсаттарын, Өңделуге жататын Дербес деректердің құрамын, Дербес деректермен жасалатын іс-әрекеттерді (операцияларды) анықтайтын заңды тұлға.

2.6. Дербес деректерді Өңдеу – Дербес деректерді жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған іс-әрекеттер.

10.6. Пайдаланушы келісіміне сәйкес Лицензиардың алдын ала келісімін алмай құқықтарды басқаға беруге, борышты аударуға және шартты беруге жол берілмейді.

2.8. Дербес деректерді жинақтау – Дербес деректерді мазмұндайтын базаға Дербес деректерді енгізу жолымен оларды жүйелендіру жөніндегі іс-әрекеттер.

2.9. Дербес деректерді бұғаттау — Дербес деректерді жинауды, жинақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, таратуды, иесіздендіруді және жоюды уақытша тоқтату жөніндегі іс-әрекеттер.

2.10. Дербес деректерді жинау – Дербес деректерді алуға бағытталған іс-әрекеттер.

2.11. Дербес деректерді жою – жасалуы нәтижесінде Дербес деректерді қалпына келтіру мүмкін болмайтын іс-әрекеттер.

2.12. Дербес деректерді иесіздендіру – жасалуы нәтижесінде Дербес деректердің Субъектіге тиесілілігін анықтайтын іс-әрекеттер.

2.13. Дербес деректерді пайдалану — Дербес деректермен жасалатын, меншік иесі, оператор және үшінші тұлға қызметінің мақсаттарын іске асыруға бағытталған іс-әрекеттер.

2.14. Дербес деректерді тарату – жасалуы нәтижесінде Дербес деректер табысталатын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін немесе қандай да бір өзге тәсілмен дербес деректерге қол жеткізу ұсынылатын іс-әрекеттер.

2.15. Дербес деректерді ұсыну – белгілі бір тұлғаға немесе белгілі бір тұлғалар тобына Дербес деректерді жария етуге бағытталған іс-әрекеттер.

2.16. Дербес деректердің ақпараттық жүйесі – деректер базаларында қамтылған Дербес деректердің және оларды Өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдардың жиынтығы.

2.17. Заңнама – Қазақстан Республикасында әрекет ететін заңнама.

2.18 Cookie-файлдар («куки-файлдар», ағылш. «печенье») — пайдаланушыны анықтауға және оны сайтта одан әрі сәйкестендіру үшін пайдаланушының компьютерінде сақталатын және басқа тұлғалардан ажыратуға мүмкіндік беретін файлдар мен өзге де дербес деректер идентификаторлары.

3. Оператордың Дербес деректерді Өңдеуінің жалпы қағидаттары

3.1. Дербес деректерді Өңдеу заңды және әділ негізде жүзеге асырылады.

3.2. Дербес деректерді Өңдеу, егер Заңнамамен өзгеше көзделмесе, Пайдаланушының келісімімен немесе Дербес деректер туралы Заңнамамен қарастырылған өзге де негіздер болған кезде, Дербес деректерді Өңдеу мақсатына қол жеткізгенге дейін жүзеге асырылады.

3.3. Дербес деректерді Өңдеу Саясатта көрсетілген нақты, алдын ала анықталған және заңды мақсаттарға қол жеткізумен шектеледі.

3.4. Дербес деректерді, Өңделуі өзара үйлеспейтін мақсаттарда жүзеге асырылатын Дербес деректерді мазмұндайтын материалдық тасымалдаушылардағы ақпаратты біріктіруге жол берілмейді.

3.5. Өңдеу мақсаттарына жауап беретін Дербес деректер ғана Өңделуге жатады.

3.6. Өңделетін Дербес деректердің мазмұны мен көлемі Өңдеудің мәлімделген мақсаттарына сәйкес келеді.

3.7. Өңделетін Дербес деректер Өңдеудің мәлімделген мақсаттарына қатысты шамадан тыс артық болмауы тиіс.

3.8. Дербес деректерді Өңдеу кезінде Дербес деректердің нақтылығы, олардың жеткіліктілігі, ал қажет болған жағдайларда Дербес деректерді Өңдеу мақсаттарына қатысты өзектілігі де қамтамасыз етіледі. Оператор толық емес немесе нақты емес деректерді жою немесе нақтылау бойынша қажетті шаралар қабылдайды немесе олардың қабылдануын қамтамасыз етеді (егер Дербес деректерді Өңдеу үшінші тұлғамен жүзеге асырылған жағдайда).

3.9. Дербес деректерді сақтау Субъектіні анықтауға мүмкіндік беретін нысанда, Заңнамамен белгіленген мерзім ішінде, немесе Пайдаланушымен жасалған шартпен, немесе Дербес деректерді Өңдеуге арналған келісіммен жүзеге асырылады.

4. Дербес деректерді Өңдеудің құқықтық негіздері

4.1. Дербес деректерді Өңдеудің құқықтық негіздері Оператор Дербес деректерді Өңдеуді басшылыққа ала отырып орындайтын және сәйкестікте жүзеге асыратын нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы болып табылады, соның ішінде:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
  • Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы (бұдан әрі – ДД туралы Заң);
  • тарапы немесе пайда алушысы Субъект болып табылатын шарт;
  • Субъектінің келісімі;
  • басқа да құжаттар, соның ішінде Заңнама.

4.2. Оператор Заңнамада көзделген негіздерсіз және (немесе) Заңнамада көрсетілген Дербес деректерді Өңдеу шарттарының шегінен тыс Дербес деректерді Өңдеуді жүзеге асырмайды.

5. Дербес деректер субъектілері

5.1. Саясат шарттарына сәйкес Сервисті Пайдаланушылар Субъектілер болып табылады.

5.2. Пайдаланушы Сервис функционалын пайдалана отырып, өзінің Дербес деректерін Операторға табыстайды. Субъект еркін, өз еркімен және өзінің мүддесінде Операторға чек-бокста «қанат белгісін» қою арқылы өзінің дербес деректерін өңдеуге ерікті, хабардар етілген, саналы және заңды маңызы бар келісім береді және осы Саясатпен және онда көрсетілген өзінің Дербес деректерін Өңдеу шарттарымен сөзсіз келісімін білдіреді.

6. Оператордың және Дербес деректер Субъектілерінің құқықтары мен міндеттері

6.1. Оператор ДД туралы Заңның 20, 22 баптарында белгіленген тәртіпте Субъектілер құқықтарын қамтамасыз етеді.

6.2. Оператор құқылы:

  • Сотта және өзге де мемлекеттік және муниципалдық органдарда өз мүдделерін қорғау.
  • мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қоса алғанда, ашық деректер көздері арқылы тіркеу кезінде Субъектпен көрсетілген ақпараттың дұрыстығын тексеру.
  • Субъектілердің Дербес деректерін заңнамада көзделген негіздерде үшінші тұлғаларға табыстау. Оператор Субъектінің Дербес деректерін табыстайтын үшінші тұлғалардың тізбесі Саясатта көрсетілген.
  • Яндекс, Метрика, Google Analytics, Пиксель Вконтакте, Пиксель Facebook, Пиксель top@mail.ru, Пиксель Google Tag Manager метрикалық бағдарламаларды пайдалана отырып, Субъектінің Дербес деректерін өңдеу.
  • Субъектіден ұсынылған Дербес деректерді дер кезінде нақтылауды талап ету.
  • Субъектінің және Сервистің арасындағы келісімді орындау үшін қажет болған жағдайда және келісіммен Субъектілердің Дербес деректерін басқа (үшінші) тұлғаларға табыстау.
  • Алаяқтық әрекеттерді анықтау және жолын кесу, техникалық ақаулықтарды немесе қауіпсіздікпен болатын проблемаларды жою үшін үшінші тұлғаларға Субъект туралы ақпарат беру.

6.3. Оператор міндетті:

  • Егер Заңнамамен өзгеше көзделмесе және Субъект пен Сервис арасында пайда болатын мәндерден туындамайтын болса, Дербес деректердің құпиялылығын сақтау, дәлірек айтқанда Дербес деректерді Субъектінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашпау және таратпау.
  • Дербес деректерді жинау кезінде, соның ішінде Интернет желісі арқылы, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан деректер базаларын қолдана отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының Дербес деректерін Өңдеуді қамтамасыз ету.
  • Заңнамамен көзделген жағдайларда Дербес деректерді Өңдеуді тоқтату және жою немесе иесіздендіру.
  • Субъектінің заңды және негізді талаптарымен жүгінуіне байланысты оның Дербес деректерін нақтылау, жою, иесіздендіру жөніндегі шараларды қабылдау.
  • Дербес деректерді Субъектіні анықтауға мүмкіндік беретін нысанда, Пайдаланушы келісімінде айқындалған Дербес деректерді сақтау мерзімі ішінде немесе Дербес деректерді Өңдеуге арналған келісімде, бірақ саясаттың 9.6 тармағында көрсетілген мерзімнен асырмай сақтау.
  • Соңғысының және Дербес деректер Субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың сұрау салуы (өтініші) бойынша Субъектіге қатысты жүзеге асырылатын Дербес деректерді Өңдеу туралы ақпарат беру.

6.4. Оператор Дербес деректерді құпия ақпарат ретінде мойындайды және мұндай ақпаратты заңнамаға (ДД туралы Заңның 2 тарауы) және құпия ақпаратпен жұмыс істеу туралы ережелерді қамтитын жергілікті нормативтік актілерге сәйкес Өңдеуді жүзеге асырады.

6.5. Субъектінің алдындағы міндеттемелерді орындау үшін Оператормен жасалған шарт негізінде әрекет ететін үшінші тұлғаларға Оператордың ақпарат беруі Дербес деректердің құпиялылығын бұзу болып табылмайды.

6.6. Оператор Дербес деректерді олардың жоғалуын немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы Деректер базаларында заңсыз пайдаланылуын болдырмайтын тәсілмен сақтауды жүзеге асырады.

6.7. Субъект құқылы:

  • Заңнамамен көзделген жағдайларды қоспағанда, Оператормен өңделетін өзінің Дербес деректерімен өтеусіз танысуға;
  • өзінің Дербес деректерін Өңдеуге қатысты ақпаратты алуға;
  • егер Дербес деректер толық емес, ескірген, нақты емес, заңсыз алынған жағдайда немесе Өңдеудің мәлімделген мақсаттары үшін қажетті болып табылмаса, Оператордан өзінің дербес деректерін нақтылауды, оларды бұғаттауды немесе жоюды талап ету, сонымен қатар өз құқықтарын қорғау жөнінде заңда көзделген шараларды қолдану;
  • Оператордың іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне Дербес деректер Субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға немесе сот тәртібімен шағымдану;
  • өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде сот тәртібімен залалдарды өтеу және (немесе) моральдық зиянды өтеу.

6.8. Субъект міндетті:

  • Операторға өзі туралы дұрыс ақпаратты хабарлау және құрамы Заңнамамен жергілікті нормативтік құжаттармен Өңдеу мақсаттары үшін қажетті көлемде белгіленген Дербес деректерді қамтитын құжаттарды ұсыну;
  • Операторға өзінің Дербес деректерінің нақтыланғаны (жаңартылғаны, өзгергені) туралы хабарлау;
  • Саясатты және Дербес деректер туралы Заңнаманы сақтау.

7. Өңдеу мақсаттары, өңделетін Дербес деректердің көлемі мен санаттары.

7.1. Оператор Дербес деректерді келесі мақсаттарда пайдаланады:

7.1.1. Пайдаланушы келісімін жасасу және орындау, оған сәйкес «Development Way» ЖШС Субъектіге Сервистегі Жеке кабинеттің функционалына қолжетімділік ұсынады:

  • тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
  • ЖСН;
  • Микрокредит алынған қала;
  • туған күні;
  • электрондық поштаның мекен-жайы;
  • телефон нөмірі;
  • cookie-файлдар.

7.1.2. Субъектінің өтініштері мен кінәрат-талаптарын қарастыру:

  • тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
  • электрондық поштаның мекен-жайы;
  • телефон нөмірі;
  • cookie-файлдар.

7.1.3 Операторда бар Субъект туралы мәліметтерді ұсынуға Субъектілердің сұрау салулары мен талаптарын қарастыру:

  • тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
  • ЖСН;
  • телефон нөмірі;
  • электрондық поштаның мекен-жайы.

7.1.4 Сервисте тіркелу кезінде Субъектімен ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеру:

  • тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
  • ЖСН;
  • телефон нөмірі;
  • электрондық поштаның мекен-жайы.

7.2. Оператор Дербес деректердің оларды Өңдеудің мәлімделген мақсаттарға қатысты шамадан тыс артық болып табылмайтынына кепілдік береді.

7.3. Оператор биометриялық Дербес деректерді, нәсіліне, ұлтына, саяси көзқарастарына, діни немесе философиялық нанымдарына, денсаулық жағдайына, интимдік өміріне, соттылығының болуына қатысты арнайы санаттардың Дербес деректерін өңдеуді жүзеге асырмайды.

7.4. Егер Сервисті Пайдаланушы үшінші тұлғалардың Дербес деректерін табыстауды оның Заңнамамен көзделген тиісті негізі болмай жүзеге асырса, Оператор Сервисті Пайдаланушылардың іс-әрекеттері үшін жауапкершілік көтермейді.

8. Дербес деректерді қорғауға бағытталған шаралар

8.1. Оператор Дербес деректерді кездейсоқ немесе санкцияланбаған қол жеткізуден, қол жеткізуді жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан және басқа да санкцияланбаған әрекеттерден қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолданады.

8.2. Дербес деректерді Өңдеу кезінде Оператормен іске асырылатын қорғау шаралары келесіні қамтиды:

  • Дербес деректерді Өңдеу және қорғау саласындағы жергілікті нормативтік актілерді және өзге де құжаттарды қабылдау;
  • бөлімшелерде және ақпараттық жүйелерде Дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлғаларды тағайындау;
  • Операторда Дербес деректерді Өңдеуді жүзеге асыратын қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру және олармен әдістемелік жұмыс жүргізу;
  • Дербес деректер өңделетін материалдық тасымалдаушылармен және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • Дербес деректер өңделетін Дербес деректердің материалдық тасымалдауыштарын және ақпараттық жүйелерін есепке алуды ұйымдастыру;
  • автоматтандыру құралдарын пайдаланусыз өңделетін Дербес деректерді өзге ақпараттан оқшаулау;
  • Операторда белгіленген Дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қолданусыз Дербес деректерді ашық байланыс арналары, есептеу желілері және Интернет желісі арқылы табыстауға тыйым салуды белгілеу;
  • қағаз және өзге де материалдық тасымалдауыштардағы Дербес леректерді мазмұндайтын құжаттардың қорғалуын қамтамасыз ету;
  • Дербес деректерді өңдеу кезінде Заңнаманың және жергілікті нормативтік актілердің сақталуына ішкі бақылауды жүзеге асыру.

8.3. Ұйым ішіндегі Саясаттың сақталуына бақылауды Дербес деректердің Өңделуіне жауапты қызметкер тұлғасында Оператор жүзеге асырады.

8.4. Оператор қызметкерінің Дербес деректерді Өңдеу және қорғау саласындағы Заңнаманың және өзге де нормативтік актілердің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі Заңнамаға сәйкес анықталады.

9. Дербес деректерді Өңдеу тәртібі мен шарттары

9.1. Оператор Субъектінің Дербес деректерімен келесі іс-әрекеттерді жасайды: Дербес деректерді жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, иесіздендіру, бұғаттау және жою, өзге де әрекеттер.

9.2. Дербес деректерді Өңдеу Заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

9.3. Субъектінің Дербес деректерді Өңдеуге арналған келісімі пайдаланушы келісімінің талаптарын қабылдау, Сервис функционалын пайдалана отырып, тиісті белгілер қою (чек-бокстегі қанат белгісі) нысанында көрсетілуі мүмкін.

9.4. Дербес деректердің Оператормен Өңделуі аралас тәсілмен жүргізіледі: автоматтандыру құралдарын пайдаланумен (автоматтандырылған Өңдеу) және есептеу техникасының құралдарын пайдаланусыз (автоматтандырылмаған Өңдеу).

9.5. Дербес деректерді жинау келесі жолмен жүзеге асырылады:

  • Сервис арқылы Дербес деректерді жинау;
  • технологиялардың: веб-хаттамалардың, cookie-файлдардың және т.б. көмегімен ақпаратты автоматты жинау.
  • Оператормен жүзеге асырылатын қызметтің шеңберінде алынатын Дербес деректерді бекітудің өзге де құралдары мен тәсілдерін пайдалану.

9.6. Дербес деректерді Өңдеу мерзімі Субъектінің Дербес деректерін ұсынған және Өңдеуге арналған құқықтық негіздер пайда болған сәттен бастап Срок Обработки (он) жылды құрайды.

9.7. Дербес деректерді Өңдеуді тоқтатудың шарты Дербес деректерді Өңдеу мақсаттарына қол жеткізу, Субъектінің оның Дербес деректерін Өңдеуге келісімінің қолданылу мерзімінің аяқталуы немесе келісімін қайтарып алу, сондай-ақ Дербес деректерді заңсыз Өңдеуді анықтау болып табылады.

10. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға табыстау. Оператордың тапсырмасы бойынша әрекет ететін үшінші тұлғалардың Дербес деректерді Өңдеуі

10.1. Оператор Субъектінің келісімінде көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін, тарапы және пайда алушысы Субъект әрекет ететін пайдаланушы келісімінің талаптарын орындау үшін, Компаниялар тізімі бетте көрсетілген үшінші тұлғаларға Дербес деректерді табыстауға құқылы.

10.2. Оператор Субъектінің келісімімен жеке деректерді Субъектінің кредиттік рейтинг сервисі арқылы алу мақсатында «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-не (БСН 040940002421) беруге құқылы. Кредиттік рейтинг термині Пайдаланушы келісімінде анықталған.

10.3. Үшінші тұлғалардың Дербес деректерді Өңдеуі Оператордың шарттары мен өзге де келісімдері, Операторға тапсырмалар және Оператордың Дербес деректерді Өңдеуге арналған тапсырмалары негізінде осы шарттардың, Оператордың келісімдерінің, сондай-ақ Өңдеу тапсырылған немесе Өңдеуді Операторға заңды негіздерде тапсырған тұлғалармен жасалған келісімдердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Мұндай келісімдер, атап айтқанда:

  • Дербес деректерді өңдеу мақсаттарын, талаптарын, мерзімдерін;
  • тараптардың міндеттемелерін, соның ішінде құпиялылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
  • Дербес деректерді Өңдеуге қатысты тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтауы мүмкін.

10.4. Оператор үшінші тұлғаға Дербес деректерді Өңдеуге берілген тапсырмадағы Саясат шарттарын нақтылауға құқылы.

11. Дербес деректер субъектілерінің өтініштері бойынша жауаптар

11.1. ДД туралы Заңның 24 бабы 1 т. 1 тармақшасында көрсетілген мәліметтерді Оператор Субъектіге жүгінген кезде немесе Субъектінің сұрау салуын алған кезде ұсынады. Мұндай Дербес деректерді ашу үшін заңды негіздер болған жағдайларды қоспағанда, мәліметтер қолжетімді нысанда ұсынылады, оларға Дербес деректердің басқа Субъектілеріне қатысты Дербес деректер енгізілмейді. Мәліметтер 3 (үш) жұмыс күн ішінде ұсынылады.

11.2. Субъектіге ақпарат ұсынудан бас тартылған жағдайда, өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге мерзімдер көзделмесе, Оператор дәлелді жауап беруге міндетті.

12. Дербес деректерді өзектендіру, түзету, алып тастау және жою.

12.1. ДД туралы Заңмен қарастырылған жағдайлар айқындалған жағдайда, Оператор міндетті:

12.1.1. Субъект Дербес деректердің толық емес, нақты емес немесе өзекті емес болып табылатынын растайтын мәліметтерді ұсынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларға қажетті түзетулер енгізу.

12.1.2. Субъект осындай Дербес деректердің заңсыз алынғанын немесе Өңдеудің мәлімделген мақсаттары үшін қажетті болып табылмайтынын растайтын мәліметтерді ұсынған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осындай Дербес деректерді жою.

12.1.3. Субъектіге енгізілген өзгерістер және қабылданған шаралар туралы хабардар етуге міндетті және осы Субъектінің Дербес деректері табысталған үшінші тұлғаларды хабардар ету үшін ақылға қонымды шараларды қабылдайды.

12.2. Субъект Операторға Оператордың электрондық поштасының мекен-жайына support@excash.kz хабарлама жіберу немесе Саясаттың 14 бөлімінде көрсетілген Оператордың хат-хабарына арналған мекен-жай бойынша өз қолымен қол қойылған өтінішті жіберу арқылы еркін нысанда жүгінуге құқылы.

12.3. Субъектінің өтінішінде:

  • Оператордың атауы;
  • субъектінің Тегі, Аты, Әкесінің аты, ЖСН, тіркелген мекен-жайы және тұратын мекен-жайы;
  • Субъект жүгінетін мән-жайларды баяндау;
  • Оператордың Субъектінің жеке деректерін өңдегенін растайтын жеткілікті мәліметтері;
  • Заңнама шеңберінде Операторға қойылатын талаптар;
  • өтінішке жауап жіберу үшін деректемелерді көрсете отырып, өтінішке жауап алу тәсілі болуы тиіс.

Егер еркін нысанда құрастырылған өтініште келтірілген тармақтардың бірі көрсетілмеген болса, Оператор осындай өтінішке жауап жібермеуге және онда мазмұндалған талапты орындамауға құқылы.

12.4. Субъект Дербес деректерді Өңдеуге келісімді Операторға электрондық пошта арқылы Оператордың электрондық мекен-жайына support@excash.kz хаттың «Жеке деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу» тақырыбымен хабарлама жіберу арқылы кез келген сәтте кері қайтарып алуы мүмкін. Дербес деректерді Өңдеуге келісімді кері қайтарып алу электрондық пошта арқылы хабарлама алған кезден бастап Оператор алған болып есептеледі.

12.5. Субъект өзінің Дербес деректерін Өңдеуге келісімін кері қайтарып алған жағдайда, егер Дербес деректерді Өңдеуді Оператордың тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа тұлға жүзеге асырса, Оператор оларды Өңдеуді тоқтатады немесе осындай Өңдеудің тоқтатылуын қамтамасыз етеді.

12.6. Егер жеке деректерді сақтау жеке деректерді өңдеу мақсаттары үшін бұдан әрі талап етілмесе, Оператор жеке деректерді жояды немесе оны жоюды қамтамасыз етеді (Егер жеке деректерді өңдеуді Оператордың тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа тұлға жүзеге асыратын болса), егер заңнамада немесе шартта өзгеше көзделмесе, жеке деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде пайда алушы немесе кепіл беруші Субъект болып табылатын тарап.

12.7. Саясаттың 12.7 т. көрсетілген мерзім ішінде Дербес деректерді жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, Оператор осындай Дербес деректердің бұғатталуын жүзеге асырады немесе олардың бұғатталуын қамтамасыз етеді (егер Дербес деректерді Өңдеу Оператордың тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа тұлғамен жүзеге асырылатын болса) және, егер заңнамамен өзгеше мерзім белгіленбесе, 6 (алты) айдан аспайтын мерзімде Дербес деректердің жойылуын қамтамасыз етеді.

12.8. Дербес деректердің нақты еместігі немесе оларды Өңдеудің заңсыздығы фактісі расталған жағдайда, Дербес деректер Оператормен өзектендірілуге жатады, ал Өңдеу сәйкесінше тоқтатылуы тиіс.

13. Қорытынды ережелер

13.1. Оператор Субъектіге алдын ала хабарламай және Субъектінің және өзге де тұлғалардың өзгерістер енгізуге келісімін алмай, Саясатқа өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Субъект Саясаттың өзгеруін өз бетінше бақылайды.

13.2. Саясаттың жаңа редакциясы жарияланған күнінен кейін келесі күні күшіне енеді. Саясаттың жаңа редакциясы күшіне енгеннен кейін Сервисті пайдалануды жалғастыру Субъектінің Саясатты және оның талаптарын қабылдауын білдіреді.

13.3. Субъект Операторға, егер ол Саясат шарттарымен келіспесе, Дербес деректерді ұсынбауы тиіс.

13.4. Барлық ықтимал даулар заңнамаға сәйкес Оператордың орналасқан жері бойынша шешілуге жатады. Сотқа жүгінудің алдында Оператор мен Субъект міндетті сотқа дейінгі тәртіпті сақтауы тиіс. Сотқа дейінгі тәртіп Операторға хат-хабарға арналған мекен-жай бойынша жазбаша түрде кінәрат-талаптарды жіберуді білдіреді. Кінәрат-талапқа жауап беру мерзімі, егер Заңнамамен өзгеше көзделмесе, 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.

13.5. Тараптар Оператормен және Субъектпен көрсетілген электрондық пошта мекен-жайы бойынша хабарламалар жіберу арқылы ақпарат алмасуға құқылы. Электрондық пошта арқылы жіберілген ақпарат ол жөнелтілген сәттен бастап келесі жұмыс күні алынған болып есептеледі.

13.6. Егер қандай да бір себептер бойынша Саясаттың бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл құпиялылық саясатының қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.

13.7. Саясатта анықталмаған терминдер талаптары Сервисте жарияланған, Оператор мен Пайдаланушы арасында жасалған Пайдаланушы келісіміне сәйкес түсіндіріледі. Пайдаланушы келісімінде қандай да бір терминдер болмаған кезде, олар Заңнамаға сәйкес түсіндірілетін болады.

13.8. Хабарламалар, өзге де құжаттар олар Операторға жіберілген сәтте Пайдаланушымен алынған болып саналады. Оператор ақпарат жіберілген сәттен бастап келесі жұмыс күніне хабарламаны алған болып саналады. Саясатта белгілі бір ақпаратты, құжаттарды жіберу үшін басқа мерзім арнайы белгіленуі мүмкін.

13.9. Саясатпен реттелмеген барлық қалған мәселелер бойынша Тараптар Заңнаманы басшылыққа алады.

14. Оператордың байланыстары

«Development Way» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

БСН: 210440026010

Орналасқан жерінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Бұқар Жырау бульвары, 26/1 үй, пошталық индексі 050021

Телефон: +77273133637

Электрондық поштаның уәкілетті мекен-жайы: support@excash.kz

Осы Құпиялылық саясаты бойынша барлық ұсыныстарды немесе мәселелерді келесі сәйкесінше электрондық поштаның мекен-жайына Әкімшілікке хабарлау қажет: support@excash.kz

money icon
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз
Біз сізді ең жақсы ұсыныстар мен пайдалы жаңалықтардан хабардар етіп отырамыз.
Электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз

money icon
Сіз ең жақсы ұсыныстар мен пайдалы жаңалықтардың тарату тізіміне сәтті жазылдыңыз!
money icon
Жаңа ұсыныстар туралы біліңіз